Жаңалықтар мен есеп
««РАХАТ-ДЕМЕУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ 2024 жылғы есеп бойынша түсіндірме жазба
««РАХАТ-ДЕМЕУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ 2024 жылғы есеп бойынша түсіндірме жазба
(Қазақстан теңгесімен көрсетілген)
ҚЫЗМЕТ СИПАТЫ
1.1. ««Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры» бірлескен қоры (бұдан әрі - Қор) Қазақстан
Республикасы Әділет Министрлігінің Алматы қ. Әділет департаментінде 2010 жылғы 08 желтоқсанда тіркелген. Мемлекеттік тіркеу туралы № 107199-1910 куәлік берілген. Қор 2015 жылғы 05 сәуірде қайта тіркеуден өтті. 101 240 006 178 БСН мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен расталған. Меншік түрі – дербес меншік. Қордың дәрежесі – коммерциялық емес ұйым.
2.1. Қордың құрылтайшысы - «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы.
3.1. Қордың заңды және нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Зенков к-сі, 2А, пошталық индексі: 050002.
4.1. Жарғы бойынша Қордың негізгі мақсаты:
- балалар мекемелеріне, білім беру және спорт орталықтарына, халықтың әл-ауқаты
төмен, әлеуметтік жағынан осал топтарына, сонымен қатар зейнеткерлерге және әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғалардың өзге де санаттарына ұлты, азаматтығы, діни ұстанымына қарамастан материалдық және басқа да көмек көрсету.
5.1. Қор қызметінің бағыты:
- қаржы құралдарын, сонымен қатар ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде берілген басқа да мүліктерді жинақтау;
- тәрбиелеу, білім беру және спорт мекемелерін дамытуға қолдау көрсету;
- қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- табиғи апаттар салдарынан зардап шеккендерді қолдауға бағытталған мемлекеттік
ауқымдағы іс-шараларға қатысу;
- зейнеткерлерге, ҰОС-ына қатысушыларға және олармен теңестірілген тұлғаларға
көмек көрсету.
6.1. Қор өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін және Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тыйым салынбайтын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруы мүмкін.
7.1. Аталған салық есебі саясаты 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 289-бабы негізінде әзірленген ««Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу турал» № 120-IV Заңы негізінде, атап айтқанда:
а) бұл салық саясаты Салық кодексінің талаптарын сақтай отырып, Қордың салық есебін
жүргізу тәртібін қамтамасыз ететін ішкі нормативтік құжат болып саналады;
б) Қор қазіргі кезде жұмыс істеуде, келешекте де өз қызметін жалғастыра береді;
в) әрбір қаржылық жыл 01 қаңтардан басталады және 31 желтоқсанда аяқталады;
г) бюджетке төленетін әрбір салық пен төлем түрлері бойынша салық кезеңі қаржылық жыл
ішіндегі Салық кодексінде көрсетілген кезеңдер болып саналады.
IV. ҰЙЫМДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ТАРАУ
1. Басқарма, ұйым құрылымы
5.1. Қорды басқарушы жоғарғы орган – Құрылтайшы, басқару органы – Қайырымдылық кеңесі,
атқарушы орган – Директор. Қор директоры – Н.А. Тимощук. Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, статистикалық және салық есебін беруге Бас есепші жауапты болады.
5.2. Қордың Бас есепшісі – Г.Ш. Карачева.
V. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК МАҚСАТЫ
Қаржылық есептіліктің мақсаты - ұйымның жеке қаржылық есебімен қатар басқа ұйымдардың қаржылық есебін салыстыру үшін жалпы мақсатта қаржылық есеп беру. Компания өзінің бухгалтерлік көрсеткіштерін Қазақстан теңгесімен көрсетеді (бұдан әрі – «теңге»).
IV. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Материалдық емес активтер.
Материалдық емес активтер бойынша бухгалтерлік теңгерімде кейінгі жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған шығындар шегеріліп, бастапқы құны бойынша есепке алынады. Амортизация тікелей әдіс бойынша алты жылдан жеті жылға дейінгі берілген активтердің пайдалы қызметінің болжамды мерзімдері ішінде есептеледі.
Тауарлық-материалдық қор
Тауарлық-материалдық қор өзіндік құны мен таза өткізу құнының ең кіші мәні бойынша көрінеді.
Ақша қаражаты мен оның баламалары
Ақша қаражаты мен оның баламалары банк шоттарындағы ақша қаражатын, қолма-қол ақша қаражатын көрсетеді. Ақша қаражаты мен оның баламаларын пайдалану шектеулі, олар тиісті түрде қаржылық есепке тіркелген қосымшаларда берілген.
Зейнетақы міндеттемелері
Зейнетақы міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес Қор зейнетақы жинақтау қорына жұмыскерлер жалақысының 10 % көлемінде қаражат аударады. Аталған аударымдар сол сәттегі шығынды білдіреді. Зейнетақы қорына аударылатын төлемдер жұмыскерлердің жалақысынан ұсталады және пайда мен шығындар туралы есепте жалпы жалақы шығындары болып есептеледі. Қордың зейнетақы төлемдері бойынша қандай да бір өзге міндеттемелері жоқ.
6. Кіріс | |||
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша мәлімет төменде көрсетілген: | |||
2024 | 2023 | ||
Кондитерлік өнімдер және жарнамалық пакет түрінде берілген қайырымдылық көмек | 13 891 345 | 15 698 778 | |
Жеке тұлғадан қолма-қол ақша түрінде алынған, өтемсіз, ерікті түрде берілген қайырымдылық көмек | - | 7 000 000 | |
Депозит бойынша сыйақы | 3 509 631 | 2 858 249 | |
Қордың қызметін жүзеге асыру үшін құрылтайшыдан түскен ақшалай қаражат | 3 080 000 | 2 820 000 | |
5. Ақша қаражаты мен оның баламасы | |||
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаты мен оның баламалары мына түрде берілген: | |||
2024 | 2023 | ||
Кондитерлік өнім және жарнамалық пакет түрінде берілген қайырымдылық көмек |
13 891345 |
||
15 698 778 |
|||
Кондитерлік өнім және жарнамалық пакет түрінде өтемсіз берілген қайырымдылық көмек (төленеген салық) | 388 889 | 3 500 000 | |
2023 жылы Қор кондитерлік өнімдер және жарнамалық пакет түрінде 13 891 345 (он үш миллион сегіз жүз тоқсан бір мың үш жүз қырық бес) теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Ұйымдарға берілген қайырымдылық көмектің жазбасы тіркелген. | |||
6. Қордың шығындары (әкімшілік шығындар) | |||
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша жалпы және әкімшілік шығындар мына түрде берілген: | |||
2024 | 2023 | ||
Жалақы | 2 880 000 | 2 842 000 | |
Әлеуметтік салық | 150 048 | 147 921 | |
Әлеуметтік аударымдар | 90 720 | 89 670 | |
ММСЖ | 86 400 | 85 260 | |
Банк комиссиясы | 8 000 | 19 500 | |
Интернет-банкингті іске қосу | 3 000 | 700 | |
Хостингті ұзарту | - | - | |
Доменді тіркеуді ұзату | 30 900 | - | |
3 249 068 | 3 185 051 | ||
7. Ақша қаражаты және оның баламалары | |||
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаты мен оның баламалары мына түрде берілген: | |||
2024 | 2023 | ||
Банк шоттарындағы ақша қаражаты, теңгемен | 3 406 515 | 3 964 472 | |
29 936 867 | 26 427 236 | ||
Банк шоттарындағы ақша қаражаты (депозит), теңгемен | |||
33 343 382 | 30 391 708 | ||
Қор директоры Н.А.Тимощук | |||
Бас есепші Г.Ш. Карачева |