Жобалар
Спорт жобасы
Спорт жобасы балалар спортын қолдап, дамытуға, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын бетке ұстауға тәрбилеуге бағытталған. Оның мақсаты – есірткінің, темекі тартудың, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздықтың алдын алу, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір салтына жаңаша қөзқарас қалыптастыру. Осы бағдарламаны жүзеге асыра отырып, Қор өзінің күш-жігерін мыналарға бағыттайды:
- «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚБ-іне спорттың әр түрі бойынша турнирлер мен жарыстар өткізуге көмек көрсету. Әр түрлі аурулар нәтижесінде менталдық ауытқулар әсерінен болған шектеулер мұндай балалар үшін қарапайым міндеттердің өзін қол жетпестей көрсетеді. Осындай жарыстарға қатысу мүгедек балалардың өз қабілеттерін дамытып, спортта оны ашып көрсетуге және сол арқылы қоршаған әлеуметтік ортамен етене араласуға мүмкіндік береді. Жарыстарға қатысу үшін бұл балаларға барынша батыл болып, физиологиялық қобалжу мен психологиялық кедергілерді жеңу қажет, бұл оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге әсер етіп, бойларына үміт пен сенім ұялатады.