Жаңалықтар мен есеп
«Аман келешек» - «Здоровое будущее»
«Рахат» АҚ мен «Рахат-Демеу» БҚ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырғанбалалар мен жасөспірімдерге арналған «Салауатты болашақ» – «Здоровое будущее» VI инклюзивтік фестивалінің демеушісі болды.
Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мен әлеуметтендіруге қолдау көрсетуге негізделген фестивальға Алматы қаласынан және еліміздің басқа өңірлерінен 3000-нан аса жеткіншек қатысты. Оған мүмкіндігі шектеулі балалар, тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы отбасылардың балалары, балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері, жас спортшылар, мектеп олимпиадаларының, байқаулардың жүлдегерлері қатысты. Инклюзивтік бағдарлама бойынша өткізілген шығармашылық алаңында қатысушылардың қалауына орай сурет пен живопись, қағаздан модель жасау, сәндік-қолданбалы өнер мен өсімдіктер дүниесі сияқты бағыттар бойынша шеберлердің үйрету мектебі ұйымдастырылды. Әр жастағы балалар түрлі аппликациялар құрастырып, ұлттық нақыштар жасап, оригамидің қыр-сырын меңгерді. Әсіресе, спорт аймағы оларды қатты қызықтырды. Мұнда қалыпты деңгейге жақын және ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалар қатысқан спорттық ойындар мен эстафеталар өтті. Инклюзивтік спорттың ерекшелігі - жарысқа қатысушыларды бір-бірін жеңуге емес, сапалы өзара іс-қимыл жасауға бағыттау.
|