Жаңалықтар мен есеп
«РАХАТ-ДЕМЕУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ 2019 жылы
«РАХАТ-ДЕМЕУ»ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ
1.1 ««Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры» бірлескен қоры (бұдан әрі - Қор) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Алматы қ. Әділет департаментінде 2010 жылғы 08 желтоқсанда тіркелген. Мемлекеттік тіркеу туралы № 107199-1910 куәлік берілген. Қор 2015 жылғы 05 сәуірде қайта тіркеуден өтті. 101 240 006 178 БСН мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен расталған. Меншік түрі – дербес меншік. Алматы қ. Медеу аудандық салық басқармасы Қорға 600 900 638 862 СТН - салық төлеушіні тіркеу нөмірін берген. Қордың дәрежесі – коммерциялық емес ұйым.
2.1.Қордың құрылтайшысы - «Рахат» акционерлік қоғамы.
3.1. Қордың заңды және нақты мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Зенков к-сі, 2А, пошталық индексі: 050002.
4.1. Жарғы бойынша Қордың негізгі мақсаты:
- балалар мекемелеріне, білім беру және спорт орталықтарына, халықтың әл-ауқаты төмен, әлеуметтік жағынан осал топтарына, сонымен қатар зейнеткерлерге және әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғалардың өзге де санаттарына ұлты, азаматтығы, діни ұстанымына қарамастан материалдық және басқа да көмек көрсету.
5.1. Қордың мәні:
- қаржы құралдарын, сонымен қатар ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмектер түрінде берілген басқа да мүліктерді жинақтау;
- тәрбиелеу, білім беру және спорт мекемелерін дамытуға қолдау көрсету;
- қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- табиғи апаттар салдарынан зардап шеккендерді қолдауға бағытталған мемлекеттік ауқымдағы іс-шараларға қатысу;
- зейнеткерлерге, ҰОС-ына қатысушылар мен олармен теңестірілген тұлғаларға көмек көрсету.
6.1. Қор өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін және Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тыйым салынбайтын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруы мүмкін.
1. Кіріс |
|||
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша мәлімет: |
|
||
|
2019 |
2018 |
|
|
|
|
|
2. Басқа шығындар |
|||
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша мәлімет: |
|
||
|
2019 |
2018 |
|
Кондитерлік өнім түрінде өтемсіз берілген қайырымдылық көмек |
15 086 261 |
14 408 882 |
|
Қаражат түрінде берілген қайырымдылық көмек |
8 000 000 |
1 054 040 |
|
Қор 2019 жылы кондитерлік өнімдер түрінде 15 086 261 (он бес миллион сексен алты мың екі жүз алпыс бір) теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Ақшалай қаражат түрінде қайырымдылық көмек көрсетуге 8 000 000 (сегіз миллион) теңге жұмсалды.
|
|||
Қордың директоры |
Н.А.Тимощук |
||
Бас есепші |
Г.Ш.Карачева |