Жаңалықтар мен есеп
«РАХАТ-ДЕМЕУ»ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ 2022 жылғы есеп бойынша түсіндірме жазба
««РАХАТ-ДЕМЕУ»ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ
2022 жылғы есеп бойынша түсіндірме жазба
(Қазақстан теңгесімен көрсетілген)
1.1 ««Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры» бірлескен қоры (бұдан әрі - Қор) Қазақстан
Республикасы Әділет Министрлігінің Алматы қ. Әділет департаментінде 2010 жылғы 08 желтоқсанда тіркелген. Мемлекеттік тіркеу туралы № 107199-1910 куәлік берілген. Қор 2015 жылғы 05 сәуірде қайта тіркеуден өтті. 101 240 006 178 БСН мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен расталған. Меншік түрі – дербес меншік. Алматы қ. Медеу аудандық салық басқармасы Қорға СТТН 600 900 638 862 - салық төлеушіні тіркеу нөмірін берген. Қордың дәрежесі – коммерциялық емес ұйым.
2.1.Қордың құрылтайшысы - «ЛОТТЕРахат» акционерлік қоғамы.
3.1. Қордың заңды және нақты мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Зенков к-сі, 2А, пошталық индексі: 050002.
4.1. Жарғы бойынша Қордың негізгі мақсаты:
- балалар мекемелеріне, білім беру және спорт орталықтарына, халықтың әл-ауқаты
төмен, әлеуметтік жағынан осал топтарына, сонымен қатар зейнеткерлерге және әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғалардың өзге де санаттарына ұлты, азаматтығы, діни ұстанымына қарамастан материалдық және басқа да көмек көрсету.
5.1. Қордың бағыты:
- қаржы құралдарын, сонымен қатар ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде берілген басқа да мүліктерді жинақтау;
- тәрбиелеу, білім беру және спорт мекемелерін дамытуға қолдау көрсету;
- қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- табиғи апаттар салдарынан зардап шеккендерді қолдауға бағытталған мемлекеттік
ауқымдағы іс-шараларға қатысу;
- зейнеткерлерге, ҰОС-ына қатысушылар мен олармен теңестірілген тұлғаларға
көмек көрсету.
6.1. Қор өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін және Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тыйым салынбайтын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруы мүмкін.
7.1. Аталған салық есебі саясаты Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV ««Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Қазақстан Республикасының Заңы негізінде 2009 жылғы 01 қаңтарда қолданысқа енгізілген Кодекстің 56 және 60-баптарының 4-5-тармақтары негізінде әзірленген, атап айтқанда:
а) бұл салық саясаты Салық кодексінің талаптарын сақтай отырып, Қор үшін салық есебін жүргізу тәртібін қамтамасыз ететін ішкі нормативтік құжат болып саналады;
б) Қор қазіргі кезде жұмыс істеуде, келешекте де өз қызметін жалғастыра береді.
в) әрбір қаржылық жыл 01 қаңтардан бастап басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
г) қаржы құралдарын, сондай-ақ ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде берілетін басқа да мүліктерді жинақтауды көздейді.
II. ҰЙЫМДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ТАРАУ
1. Басқарма, ұйым құрылымы
1.1 Қорды басқарушы жоғарғы орган – Құрылтайшы, басқару органы – Қайырымдылық кеңесі, атқарушы орган – Директор. Қор директоры – Н.А. Тимощук.
1.2 Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, статистикалық және салық есебін беруге Бас есепші жауапкершілік артады.
1.3 Қордың Бас есепшісі – Г.Ш. Карачева.
III. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУМАҚСАТЫ
Қаржылық есептіліктің мақсаты -ұйымныңжеке қаржылық есебімен қатар басқа ұйымдардың қаржылық есебін салыстыру үшін жалпы мақсатта қаржылық есеп беру.Компания өзінің бухгалтерлік көрсеткіштерін Қазақстан теңгесімен көрсетеді (бұдан әрі – «теңге»).
IV. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Материалдық емес активтер бойынша бухгалтерлік теңгерімдекейінгі жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған шығындар шегеріліп, бастапқы құны бойынша есепке алынады. Амортизация тікелей әдіс бойынша алты жылдан жеті жылға дейінгі берілген активтердің пайдалы қызметінің болжамды мерзімдері ішінде есептеледі.
Тауарлық-материалдық қор Өзіндік құны мен таза өткізу құнының ең кіші мәні бойынша көрінеді.
Ақша қаражаты мен оның баламалары банк шоттарындағы ақша қаражатын, қолма-қол ақша қаражатын көрсетеді. Ақша қаражаты мен оның баламаларын пайдалану шектеулі, олар тиісті түрде қаржылық есепке тіркелген қосымшаларда берілген.
Зейнетақы міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарынасәйкесҚор зейнетақы жинақтау қорына қызметкерлер жалақысының 10 % көлемінде қаражат аударады. Аталған аударымдар сол сәттегі шығынды білдіреді. Зейнетақы қорына аударылатын төлемдер қызметкерлердің жалақысынан ұсталады және пайда мен шығындар туралы есепте жалпы жалақы шығындары болып есептеледі. Қордың зейнетақы төлемдері бойынша қандай да бір өзге міндеттемелері жоқ.
1. Кіріс
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша мәлімет:
2022 2021
Кондитерлік өнім және жарнамалық пакет 17 012 005 11 372680
түріндеберілген қайырымдылық көмек
Қолма-қол ақша түрінде алынған, өтемсіз, ерікті түрде берілген
қайырымдылық көмек 23 000 00
Депозит бойынша сыйақы 568 987
Қорға өтемсіз, еріктітүрдегі қайырымдылық көмек ретінде 2022 жылы жеке тұлғадан 23 000 000 (жиырма үш миллион) теңге түсті .
2. Басқа шығындар
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша мәлімет:
2022 2021
Кондитерлік өнім және жарнамалық пакет түрінде 17 012 005 1 372 680
өтемсіз берілген қайырымдылық көмек
2022 жылы Қор кондитерлік өнімдер және жарнамалық пакет түрінде 17 012 005 (он жеті миллион он екі мың бес) теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Ұйымдарға берілген қайырымдылық көмектің жазбасы тіркелген.
3. Қордың мазмұны (әкімшілік шығындар)
31 желтоқсанда аяқталған жылғы жалпы және әкімшілік шығындар мына түрде берілген:
2022 2021
Жалақы 2 282 346 2 564 654
Әлеуметтік салық 124 671 125 276
Әлеуметтік аударымдар 84 336 69 993
ММСЖ 74 740 43 436
Банк комиссиясы, банктік шотты жүргізу 69 540 23 750
МЕА амортизациясы
НҚЖ амортизациясы
Интернет-банкингті іске қосу 5000 5000
Хостингті ұзарту
Доменді тіркеуді ұзарту 29 120
2 670 753 2 832 109
4. Ақша қаражаты мен оның баламасы
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаты мен оның баламалары мына түрде берілген:
2022 2021
Банк шоттарындағы ақша қаражаты, теңгемен 829 523 680 276
Банк шоттарындағы ақша қаражаты, теңгемен 23 568 987
24 398 510 680 276
5. Басқа кредиторлық берешек және белгіленген міндеттемелер
2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша басқа кредиторлық берешек және белгіленген міндеттемелер мына түрде берілген:
2022 2021
Қызметкерлер алдындағы берешек 829 523 680 276