Жаңалықтар мен есеп
«РАХАТ-ДЕМЕУ»ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ 2023 жылғы есеп бойынша түсіндірме жазба
««РАХАТ-ДЕМЕУ»ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» БІРЛЕСКЕН ҚОРЫ
2023 жылғы есеп бойынша түсіндірме жазба
(Қазақстан теңгесімен көрсетілген)
I. ҚЫЗМЕТ СИПАТЫ
1.1. ««Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры» бірлескен қоры (бұдан әрі - Қор) Қазақстан
Республикасы Әділет Министрлігінің Алматы қ. Әділет департаментінде 2010 жылғы 08 желтоқсанда тіркелген. Мемлекеттік тіркеу туралы № 107199-1910 куәлік, БИН 101 240 006 178берілген. Қор 2015 жылғы 05 сәуірде қайта тіркеуден өтті. 101 240 006 178 БСН мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен расталған. Меншік түрі – дербес меншік. Қордың дәрежесі – коммерциялық емес ұйым.
2.1. Қордың құрылтайшысы - «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы.
3.1. Қордың заңды және нақты мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Зенков к-сі, 2А, пошталық индексі: 050002.
4.1. Жарғы бойынша Қордың негізгі мақсаты:
- балалар мекемелеріне, білім беру және спорт орталықтарына, халықтың әл-ауқаты
төмен, әлеуметтік жағынан осал топтарына, сонымен қатар зейнеткерлерге және әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғалардың өзге де санаттарына ұлты, азаматтығы, діни ұстанымына қарамастан материалдық және басқа да көмек көрсету.
5.1. Қор қызметінің бағыты:
- қаржы құралдарын, сонымен қатар ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде берілген басқа да мүліктерді жинақтау;
- тәрбиелеу, білім беру және спорт мекемелерін дамытуға қолдау көрсету;
- қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- табиғи апаттар салдарынан зардап шеккендерді қолдауға бағытталған мемлекеттік
ауқымдағы іс-шараларға қатысу;
- зейнеткерлерге, ҰОС-ына қатысушылар мен олармен теңестірілген тұлғаларға
көмек көрсету.
6.1. Қор өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін және Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тыйым салынбайтын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруы мүмкін.
7.1. Аталған салық есебі саясаты Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодекстің 289-бабы негізінде әзірленген № 120-IV Қазақстан Республикасының Заңы негізінде «Қазақстан Республикасының ««Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы», атап айтқанда:
а) бұл салық саясаты Салық кодексінің талаптарын сақтай отырып, Қор үшін салық есебін жүргізу тәртібін қамтамасыз ететін ішкі нормативтік құжат болып саналады;
б) Қор қазіргі кезде жұмыс істеуде, келешекте де өз қызметін жалғастыра береді;
в) әрбір қаржылық жыл 01 қаңтардан бастап басталады және 31 желтоқсанда аяқталады;
г) бюджетке әрбір салық пен төлем түрлеріне арналған салық кезеңі Салық кодексінде көрсетілген, қаржылық жыл ішіндегі кезеңдер болып саналады.
II.ҰЙЫМДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ТАРАУ
1. Басқарма, ұйым құрылымы
1.1 Қорды басқарушы жоғарғы орган – Құрылтайшы, басқару органы – Қайырымдылық кеңесі, атқарушы орган – Директор. Қор директоры – Н.А. Тимощук.
1.2 Бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, статистикалық есепті және салық есебін тапсыруға Бас есепші жауапты болады.
1.3 Қордың Бас есепшісі – Г.Ш. Карачева.
III. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ
Қаржылық есеп беру мақсаты -ұйымныңжеке қаржылық есебімен қатар басқа ұйымдардың қаржылық есебін салыстыру үшін жалпылама түрде қаржылық есеп беру.Компания өзінің бухгалтерлік жазба көрсеткіштерін Қазақстан теңгесімен көрсетеді (бұдан әрі – «теңге»).
IV. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер бойынша бухгалтерлік теңгерімдекейінгі жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған шығындар шегеріліп, бастапқы құны бойынша есепке алынады. Амортизация тікелей әдіс бойынша алты жылдан жеті жылға дейінгі берілген активтердің пайдалы қызметінің болжамды мерзімдері ішінде есептеледі.
Тауарлық-материалдық қор. Тауарлық-материалдық қор өзіндік құны мен таза өткізу құнының ең кіші мәні бойынша көрінеді.
Ақша қаражаты мен оның баламалары. Банк шоттарындағы ақша қаражатын, қолма-қол ақша қаражатын көрсетеді. Ақша қаражаты мен оның баламаларын пайдалану шектеулі болған жағдайда, олар тиісті түрде қаржылық есепке тіркелген қосымшаларда көрсетіледі.
Зейнетақы міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарынасәйкесҚор зейнетақы жинақтау қорына қызметкерлер жалақысының 10 % көлемінде қаражат аударады. Аталған аударымдар сол сәттегі шығынды білдіреді. Зейнетақы қорына аударылатын төлемдер қызметкерлердің жалақысынан ұсталады және пайда мен шығындар туралы есепте жалпы жалақы шығындары болып есептеледі. Қордың зейнетақы төлемдері бойынша қандай да бір өзге міндеттемелері жоқ.
1. Кіріс
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша мәлімет:
2023 2022
Кондитерлік өнім және жарнамалық пакет 15 698 778 17 012 005
түріндеберілген қайырымдылық көмек
Қолма-қол ақша түрінде алынған, өтемсіз, ерікті түрде берілген
қайырымдылық көмек 7 000 000 23 000 00
Депозит бойынша сыйақы 2 858 249 568 987
Жеке тұлғалардан қорға өтемсіз, еріктітүрдегі қайырымдылық көмек ретінде 2023 жылы жеке тұлғадан 7 000 000 (жеті миллион) теңге түсті .
Құрылтайшыдан қолма-қол ақша түрінде Қор қызметін жүзеге асыру үшін2 820 000 (екі миллион сегіз жүз жиырма мың) теңге көлемінде түсті |
2. Басқа шығындар
31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша мәлімет:
2023 2022
Кондитерлік өнім және жарнамалық пакет түрінде 15 698 778 17 012 005
өтемсіз берілген қайырымдылық көмек
Қолма-қол ақша түрінде берілген қайырымдылық көмек 3 500 000
2023 жылы Қор кондитерлік өнімдер және жарнамалық пакет түрінде 15 698 778 (он бес миллион алты жүз тоқсан сегіз мың жеті жүз жетпіс сегіз) теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Ұйымдарға берілген қайырымдылық көмектің мөлшері көрсетілген. |
3. Қордың мазмұны (әкімшілік шығындар)
31 желтоқсанда аяқталған жылғы жалпы және әкімшілік шығындар: |
2023 2022
Жалақы 2 842 000 2 283 346
Әлеуметтік салық 147 921 124 671
Әлеуметтік аударымдар 89 670 84 336
ММСЖ 85 260 74 740
Банк комиссиясы, банктік шотты жүргізу 19 500 69 540
Интернет-банкингті іске қосу 700 5000
Хостингті ұзарту
Доменді тіркеуді ұзарту 29 120
3 185 051 2 670 753
4. Ақша қаражаты мен оның баламасы
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаты мен оның баламалары мына түрде берілген:
2023 2022
Банк шоттарындағы ақша қаражаты, теңгемен 3 964 472 829 523
Банк шоттарындағы ақша қаражаты, теңгемен 26 427 236 23 568 987
30 391 708 24 398 510
Қор директоры Н.А.Тимощук |