Жаңалықтар мен есеп
Балаларды қорғау күніне
Балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндер мен жеткіншектерге арналған әр түрлі, ауқымды іс-шаралар өтеді, ал біздің компаниямыз оларды мерекелік деңгейде өткізуге әрдайым атсалысады. Міне, осы жолы да біз Алматы қаласының бірнеше оңалту орталықтарының мүгедек балалары, № 1 облыстық балалар үйлерінің тәрбиленушілері, «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша спортпен айналысатын мүгедек балалар, кохлеарлық имплантация жүйесін қолданушы жеткіншектер мен басқа да көптеген өрендер үшін Әлеуметтік дамыту және оңалту орталығында өткізілген мерекелік іс-шараға қолдау көрсетті. Осындай мерекелер барысында балалар қоғамдық өмірге араласып, басқа құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, дамиды, мүгедек балалар әлеуметтік ортаға бейімделіп, өзіне деген сенімділігін нығайтады.