Қор туралы
«Демеу» қайырымдылық қоры компания жүргізетін қайырымдылық қызметін үйлестіру мақсатында
2010ж. 8 желтоқсанда «Рахат» АҚ бастамасы бойынша құрылды.
Көп жыл бойы қайырымдылық қызметімен айналыса отырып, кәсіпорында қолданыста жүрген және жаңадан құрылған жобаларды тиімді түрде басқара алатын кәсіби құрылым құру қажеттілігі туындады. Бүгінгі күні бизнестің қайырымдылық қызметке белсенді түрде қатысуы оның азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін айқындай түседі. Жалпыадамгершілік құндылықтарды тану және қолдау - компанияның ортақ мәдениетінің маңызды бөліктерінің бірі, ал мұндай тәжірибе өз жұмысыңда қалып қоймай, қоғам туралы ойлауға мүмкіндік береді және табысқа жеткен компания қызметінің бір бөлігі болып саналады.
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылғы сәуірден бастап қордың атауы ««Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры» бірлескен қоры болып өзгерді.
Қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырудағы жүйелілік, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қор жұмысы туралы мәліметтердің ашықтығын білдіретін жобаларды іске асырудағы айқындылық - біздің қызметіміздің негізгі принциптері.
Мұраты:
· Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының мүдделерін қорғауға, әлеуметтік салаға қоғам назарын аудару.
Мақсаттары мен міндеттері:
· Балалар үйлері мен балалар білім мекемелеріне материалдық көмек көрсету.
· Балалардың салауатты өмір салтын ұстануы, сондай-ақ спортпен айналысуы үшін жағдай жасауды дамыту жұмыстарын жүргізу;
· Мәдениет пен өнер саласындағы бағдарламаларды материалдық тұрғыда қолдау, дарынды балаларды ынталандыру және дамыту;
· Әр түрлі мерекелерде балалар үйлеріне, мәдениет орталықтарына, діни бірлестіктерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, т.б. сыйлықтар берілуін ұйымдастыру ісіне қолдау көрсету.
Қордың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін азаматтардың, билік өкілдерінің, БАҚ, тамақ саласы қызметімен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың күш біріктіруі қажет, сондықтан біз Қордың мақсатын қолдайтын және оның жұмысына қатысуға дайын азаматтардың барлығымен ынтымақтаса жұмыс істеуге қуана келісеміз. Қордың қызметі ашық, айқын және түскен қаражат бойынша Қайырымдылық көрсетушінің сұрауына орай кез келген уақытта есеп беруге дайынбыз.